Асылбек Сандуғаш

«Шолпан-Ай» бөбекжай балабақшасы

Асылбек Сандуғаш

Меңгеруші

          Асылбек Сандуғаш 1993жылы ОҚО Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келіп, 2001-2011жылдар аралығында  Абай атындағы мектеп-лицейінде орта білім алып, 2011жылы Шымкент қаласы Шымкент Университетіне қабылданды. 2015жылы Ж.Тәшенов атындағы университеттің «Биология» пәні мұғалімі мамандығын алып, сол жылы «Гаухартас» бөбекжай балабақшасында еңбек жолы басталды. 2018жылы Шымкент қаласында орналасқан «Қазығұрт» бөбекжай балабақшасына меңгеруші қызметіне ауысты. 2019жылы «Шырынкүл ана» бөбекжай балабақшасында меңгеруші қызметін 2024жылға дейін атқарды. 2021жылы «Досбол» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысы міндетін 2023жылға дейін атқарды. 2022жылы Шымкент Университетінің «бастауышта білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын 2024жыл аралығында оқыды.

       2024 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шолпан-Ай» бөбекжай балабақшасында меңгеруші қызметін атқаруда. Қазіргі таңда педагог-модератор, екінші санатты педагог. Инклюзивті білім беру, ментальды арифметика сынды түрлі білім жетілдіру курстарынан дәріс алып, оны қызмет барысында қолданып келеді.